Басып шығару

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!»

on .

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!» ұранымен  «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталады.

Акцияның негізгі мақсаты көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.