Құқықтық сауаттылық

on .

                Дамыған елдерде кәсіпорын қызметкерлері  өз  елдерінде де жұмыссыздар бар екенін айтуға тиіс. Жалған және толық емес мәлімет  беретін некелесу агенттігіне қатал қарау керек, ал саяхат агенттіктеріне – заңсыз еңбек миграциясын жанама және тікелей ұйымдастырғаны, шет ел туралы дұрыс емес және толық емес мәлімет бергендері үшін, әсіресе көші-қонның, еңбек, қылмыс, азаматтық, жанұя туралы заңнамалар, елдің салт-дәстурлер туралы ақпараттарды дұрыс және толық бермеу адамды алдап арбауға әкеліп соғады.

                Саяхат  визаларын бергенде ешкімде  ол виза арқылы сол елде жұмыс істей  алмайтынын айтпайды. Осы проблемаларға  байланысты  “Еңбек  туралы” , “Саяхат туралы”  және “Тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз  ету”  заңдарына өзгертулер енгізген жөн.

                Осыған орай азаматтарға жұмысқа  орналасуға немесе некелесу хабарламары бойынша  шетелеге баратын болсаңыздар,  адам  сатушылардың  құрбаны  болып  қалмаңыздар. Абай   болыңыздар!   Адам  сатушы – жақын  танысыңыз, туысқаныңыз  немесе  шетелге шығуға  өзіне  серік іздеп  жүрген  кезкелген  азамат болуы  мүмкін.

Қашыр АІІБ  ӘЗҚТ  инспекторы

полиция   капитаны                                                        М.Джумалинова