Нашар көретіндерге арналған нұсқа

feed-image rss
«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Көпшілік талқылау

on .

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы, 6-тармағын орындау мақсатында 2019 жылғы 8 сәуір күні Тереңкөл ауданы әкімдігінің үлкен залында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік мекемелердің 2018 жылғы 12 айдағы қызметі туралы есептерін халық алдында талқылау бойынша мәжіліс өткізілді.

Жиынға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Тереңкөл ауданы бөлімшесінің өкілдері, ауылдық округтер әкімдері, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мамандары және қызмет алушылар қатысты.

Жиында Тереңкөл ауданы мемлекеттік мекемелерінің 2018 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі есептері тыңдалып, қорытындысында мемлекеттік қызметті көрсету сапасын одан әрі арттыру үшін ұсыныстар және кеңестер берілді.

BannerFans.com
BannerFans.com