IQanat ауылдық оқушыларына арналған олимпиаданың екінші кезеңі басталды
Олимпиада барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жалпы білім беретін мектептер базасында өтті. Қатысушылар тестілеуге тек медициналық бетперде және қолғаптармен жіберілді.
IQanat – балалардың армандарын жүзеге асыратын білім беру қоры.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру
- Оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру
Олимпиада барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жалпы білім беретін мектептер базасында өтті. Қатысушылар тестілеуге тек медициналық бетперде және қолғаптармен жіберілді.
Отырғызу әлеуметтік қашықтықты ескере отырып жүргізілді – 1,5 метрден 2 метрге дейін. Кіреберісте медициналық бақылау жүргізілді.
Олимпиада ауыл мектептерінің 8,9 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша екі бағыт бойынша өткізілді:
- Тілдік, гуманитарлық
- Математикалық, жаратылыстану
Олимпиадаға Тереңкөл ауданы мектептерінің 33 оқушысы қатысты