Басып шығару

Бастауыш сынып оқушыларының VI облыстық математикалық турнирінің қорытындысы

on .

Павлодар қаласы №37 орта мектебі негізінде 2018 жылғы 8 қарашада 2-4 сынып оқушыларының VІ облыстық математикалық турнирі өтті. 

 Павлодар қаласы №37 орта мектебі негізінде 2018 жылғы 8 қарашада 2-4 сынып оқушыларының VІ облыстық математикалық турнирі өтті. Турнирге 42 команда қатысты, оның ішінде 12 – мамандандырылған мектептерден, 20 – аудандардан, 5 – Павлодар қ., 2 – Екібастұз қ., 2 – Ақсу қ., 1 – Омбы қ., барлығы 126 оқушы. Турнирге біздің ауданнан 2 команда қатысты. 1-команда: Тембаева Аяна (Қ.Оспанова ат. №3 ЖББОМ, 2-сынып), Жаңабай Сұлтан (Трофимовка ЖББОМ, 3-сынып), Нұргожина Ақсана (Қ.Оспанова ат. №3 ЖББОМ, 4-сынып). 2-команда: Тыртыкаев Самир (А.Елгин ат. №1 ЖББОМ, 2-сынып), Молжанов Рустем (Песчан №2 ЖББОМ, 3-сынып), Амангельдинов Адиль (Фрументьевка ЖББОМ, 4-сынып). Турнир қорытындысы бойынша Трофимовка ЖББОМ 3-сынып оқушысы Жаңабай Сұлтан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі - Мухаметова Майра Баукенқызы. 
Сұлтанды жеңісімен құттықтап, алда тағы да биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз!