Басып шығару

Павлодар қаласында қалалар мен аудандар арасында 1-ші облыстық спартакиада өткізілді

on .

Баскетбол бойынша Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде 2018 жылдың 18-20 қазаны күндері Павлодар қаласында қалалар мен аудандар арасында 1-ші облыстық спартакиада өткізілді.

Баскетбол бойынша Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде 2018 жылдың 18-20 қазаны күндері Павлодар қаласында қалалар мен аудандар арасында 1-ші облыстық спартакиада өткізілді. Үш күндік қажырлы күресте біздің ауданның қыздар командасы жақсы нәтиже көрсетіп, 3 орынға ие болды. Ауданымыздың командасын Бобровка және Береговой мектептерінің оқушылары құрады: Балтабай Тамирис , Каириденова Дарина, Ракишева Ризада, Жолдаспаева Индира, Темирханова Аяжан, Константинова Анастасия, Темиржанова Әмина, Елисова Виктория.
Қатысушылар командасын жаттықтырушы А.В. Фланчев дайындады. 
Тереңкөл ауылының демеушілері Д. Ю. Скубаков, О. Кауц, Е. Комаровқа үлкен алғысымызды білдіреміз, біздің команда солардың арқасында спартакиадаға қатыса алды. 
Балтабай Томирис пен Каириденова Дарина 14 қараша күні Түркістан қаласындағы жарысқа қатысатын Павлодар қаласы облыстық командасының құрамына іріктелді. «Арлан» БЖ ДДО