Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Мағжан оқулары

on .

Мағжан жыры – мәңгілік Биылғы жылы қазақтың ұлы ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толады. Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 19 қазан күні Тереңкөл ауылының № 1 ЖОББМ базасында аудандық "Мағжан жыры-мәңгілік" атты Мағжан оқулары өтті. Іс-шараның мақсаты - оқушыларды қазақ әдебиетінің өкілі М. Жұмабаевтың ақындық шығармашылығымен таныстыру, танымдық белсенділікті дамыту, ақындық және прозалық мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық қабылдау, адамгершілік, эстетикалық сезімді, қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру. 

 Мағжан жыры – мәңгілік Биылғы жылы қазақтың ұлы ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толады. Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 19 қазан күні Тереңкөл ауылының № 1 ЖОББМ базасында аудандық "Мағжан жыры-мәңгілік" атты Мағжан оқулары өтті. Іс-шараның мақсаты - оқушыларды қазақ әдебиетінің өкілі М. Жұмабаевтың ақындық шығармашылығымен таныстыру, танымдық белсенділікті дамыту, ақындық және прозалық мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық қабылдау, адамгершілік, эстетикалық сезімді, қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру. Іс-шара мақсатының бірі - Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, өскелең ұрпақтың ұлттық сана-сезімдерін және азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру. Шығармашылық байқауға ауданның 11 мектебінен 33 оқушы қатысты. Оқу үш бағыт бойынша өткізілді: " Қазақ тілі "- М. Жұмабаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу бағыты; " Толқын мен толқын сырласып..."- ақынның шығармашылығы бойынша ең үздік зерттеу жұмыстарына арналған жарыс;" Ақында бір бала ғой айға ұмтылар " - жас ақындар сайысы. Бірінші номинацияда ең үздік болып Песчан № 1 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Абилова Камилла шықты. ІІ орынды Қызылтаң ЖОББМ 6 сынып оқушысы Жұмағазы Ақбар, ІІІ орынды Жаңақұрылыс НМ 8 сынып оқушысы Мусагулова Жансая иеленді. "Толқын мен толқын сырласып..." номинациясында орындар келесідей бөлінді: І орын-Абишева Аида, Байқоныс ЖОББМ 9 сынып оқушысы, ІІ орын-Қаликайдар Бахтияр, Қ.О. Оспанова атындағы Тереңкөл № 3 ЖОМ 9 сынып оқушысы, ІІІ орын-Бекболат Али, Березовка ЖОББМ 9 сынып оқушысы. Жас ақындар арасында Ең үздік деп Қ.О. Оспанова атындағы Тереңкөл № 3 ЖОМ 11 сынып оқушысы Мұқанов Ернұр танылды. ІІ орын - Песчан № 2 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Тайлакова Альмира, ІІІ орын- Қ.О. Оспанова атындағы Тереңкөл № 3 ЖОМ 9 сынып оқушысы Асылбек Әселге бұйырды. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

BannerFans.com
BannerFans.com