Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

2018 жылы 30 наурызда өткізілген бастауыш сынып мұғалімдерінің семинары туралы ақпарат

on .

Качир ауданы білім бөлімінің 2017 - 2018 оқу жылына арналған  жұмыс жоспарына сәйкес А. Елгин атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында 4-5 сыныптардағы сабақтастықты қамтамасыз ету» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  аудандық семинар өткізілді. 

 Качир ауданы білім бөлімінің 2017 - 2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес А. Елгин атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында 4-5 сыныптардағы сабақтастықты қамтамасыз ету» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  аудандық семинар өткізілді.                                       Семинардың негізгі мақсаты орта буынға өтуге дайындық дәрежесінің кейбір жақтарын бағалай алатындай деңгейді анықтау. Балалардың мектепке деген көзқарасы, оқушылардың жеке бастарының бір –бірімен қатынас жүйесіндегі жағдайлары, ұйымшылдықтары, өзін – өзі бағалауы, ынтасы, қызығушылығы, үрей деңгейі, оқу ісінің бірқатар компоненттері, дамудың өзекті деңгейін, жеке бастарының ерекшеліктерін, кейбір оқушылардың қиындықтарын, проблемаларын анықтау. Аталмыш семинарға ауданымыздың негізгі және орта білім беру мектептерінен 39 мұғалім қатысты. Семинарда бастауыш сынып бойынша білім бөлімінің әдіскері А.Б. Жумасанова бүгінгі семинар барысында баяндамалар, презентациялар, коучингтер туралы қысқаша таныстырып өтті. Семинарда мектеп психологтары, орта буынның пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Балалардың мектепке деген көзқарастарын сауалнамалармен анықтауға болатыны айтылды. Сынып оқушыларының қарым- қатынастарын анықтау үшін «Ракета» социометриясын пайдалануға болатыны туралы айтылды.

Семинар қатысушыларына күн тәртібінде талқыланған мәселелер бойынша қорытындылар шығарылып, хаттама жазылып, шешімдер қабылданды.

BannerFans.com
BannerFans.com