Качир ауданының білім беру бөлімі

Басып шығару

Качирдағы күзгі мектеп демалысы

on .

Береговой ЖОМ «Шөпқоректі», Качир №1 ЖОМ «Жыртқыштар», Качир №2 ЖОМ «Жәндікқоректілер» командалары сайысты. Барлығы 30 бала.  Балалар конкурстың барлық түрлеріне көңілді және құмарта қатысты:  «Қудалаумен жарыс», «Кенгуру», «Төмпешіктер», «Жаралы аң», «Шырмауықтар арасынан өт» және басқалар. Бұл сайыстар түрі қаншама шаттық әсерін туғызғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Береговой мектебінің оқушыларына бірінші жүлделі орын тиесілі болды. Барлық қатысушылар марапаттаулар мен бағалы сыйлықтар алды. Бұл шараның демеушісі жеке кәсіпкер Дмитрий Юрьевич Скубак.  Осы күні музыка мектебінің оқушылары мен педагогтары балалар үйінің тәрбиеленуші-туған күн иелерінің алдына «Музыкамен қонаққа» концерттік бағдарламасымен шықты. Музыканттар ән айтты,  фортепьяно, қобыз, домбыра, аккордеон және басқа музыкалық аспаптарда ойнады.  Балалар үйінің тәрбиеленушілері әртістерді шаттықпен, бақытты, жылы шыраймен қарсы алды. 1 қарашада Тереңкөл ауылы Ертіс жағалауында 5-8 сынып оқушылары арасында шағын футболдан жарыс өтті, сондай-ақ 4 қараша күні біздің команда Успенка балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебінде өткен шағын футболға қатысты.  Барлығы 110 ұл бала қатысты. 1-10 қараша аралығында 5-9 сынып оқушылары үшін математикадан аудандық шағын олимпиада өтуде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мектеп демалысы аяқталысымен белгілі болады.   «Самал» спорттық-сауықтыру орталығының директоры  Бекжан Амиркашевтың айтуынша бұл шаралардың педагогикалық құндылығы жоғары.  Сабақтан тыс оқу жұмысы оқушыларды тәрбиелеудегі саралау және даралау,  жеке педагогикалық көмек көрсету тұрғысында   қосымша мүмкіндіктер береді.  Сондықтан  да біз дарынды, үлгерімі төмен, сонымен қатар «ерекше» балалармен жұмыс істеуге тырысамыз.Мазмұнды оқу бағдарламасы, зияткерлік күш-жігер оқудан тыс демалысты талап етеді.  

BannerFans.com
BannerFans.com