Павлодар облысы Качир ауданының білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының (одан әрі – Қағидалар) 5-тармағын орындау мақсатында білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.